Алматы әкімдігі: Жаңбыр коммунал қызметтерді есеңгіреткен жоқ

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі мегаполисте тағы да толассыз жауған жаңбыр коммуналдық апатқа әкелмейді деп сендірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігі ауа райының қолайсыздығы Алматының коммуналдық қызметін таңғалдырмағанын айтты.

"Алматыда 9 қарашада сағат 9:10-нан бастап жаңбыр жауды. Жауын 10 қарашаның таңына дейін жауады деп болжанды. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қаладағы жауын-шашын мөлшері - 0,4-0,5 мм болды", - делінген Алматы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарламасында.

Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуі үшін және су басудың алдын алу мақсатында қалада 39 кезекші бригада, 184 бірлік арнайы техника, 22 мотопомпа және 804 жол жұмысшысы жұмылды. 1850 құм салынған қап дайын. Аудан әкімдіктері коммуналдық жұмыстарды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

"Қазгидрометтің" болжауынша, Алматыда жаңбыр 10 қараша күні таңға дейін созылады.

Алматыда жауған нөсер көбіне қалалық коммуналдық қызметтердің күшін сынайды. Тамыз айында Алматыда нөсер жаңбырдан кейін бірнеше жолды су басқан еді. Ал қыркүйек айының аяғында жауған жаңбыр Бостандық ауданының жеке секторын басты.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды