Қазақстанда кейінгі бір аптада 41 адам коронавирус жұқтырған

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Денсаулық сақтау министрлігі қазан айында covid-19 жұқтыру төмендегенін атап өтті. Кейінгі аптада 41 жұқтыру жағдайы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кейінгі мәліметтер бойынша Қазақстанда аурудың екі штаммы кең таралған, олар XBB және EG.5 "Eris". Барлық нұсқа Omicron-нан шыққан және әдетте өте жұқпалы. Omicron инфекциясымен байланысты негізгі белгілер - жөтел, шаршау, мұрынның бітелуі және мұрыннан су ағуы.

Штамдар арқылы жұқтыру ықтималдығының жоғары болуына қарамастан, Қазақстанның эпидемиологтары қазан айында өткен аймен салыстырғанда аурушаңдықтың төмендегенін атап өтті.

Елімізде бүгінге дейін барлығы 1 505 511 жағдай тіркелсе, оның ішінде биыл жыл басынан бері 11 775 оқиға тіркелді.

Дәрігерлер вакцинация коронавируспен күресудің ең тиімді әдісі болып қала беретінін еске салды. Ұлттық денсаулық сақтау орталығы барлық осал тұрғынды тұмауға және COVID-19-ға қарсы, әсіресе 65 жастан асқан, иммунитеті төмен немесе жүрек, өкпе және қант диабеті сияқты созылмалы аурулары бар тұрғындарға вакцина салуды еске салды.

Бұған қоса, бұрын Қазақстанда қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша шұғыл ден қою шаралары қабылданған еді. Дәрігерлер балаларды қосымша жаппай иммундауды бастады.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін