Қытаймен шекарада жаңа теміржол бекеті ашылады

Сурет: pxhere
Қазақстан үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктері және олардың жұмыс режимі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметтің хаттамаға қол қою қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктері туралы келісімге қосымша "Темір жол өткізу пунктері" бөлімі мынадай жолдармен толықтырылсын:

Бұлар – тәулік бойы жұмыс істейтін көпжақты (халықаралық) жүктерді өткізу пункті.

Түсіндірілгендей, жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау саласындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сонымен бірге Қазақстанның аумағы арқылы жүктерді транзитті тасымалдауды арттыру мақсатында әзірленген.

Құжат 23 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.

Қазақстан мен Қытай арасында 10 қарашадан бастап визасыз режим жұмыс істей бастағаны бұған дейін хабарланған еді. Келісімге сай, көрші елде визасыз 30 күнге дейін жүруге болады.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты