"АрселорМиттал Теміртауға" 1 миллион теңге айыппұл салынды

Сурет: gov.kz
Қарағанды ​​облысындағы ЖЭО-2 қазандықтарын күрделі жөндеуден өткізбегені үшін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына 1 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің мәліметінше, ведомство бірқатар өрескел заң бұзушылықтарға байланысты "АрселорМиттал Теміртауға" қарасты ЖЭО-2-ге дайындық актісін беруден бас тартты.

Басқарма АМТ ЖЭО қазандықтарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының кестесін бұзғанын баса айтты. Таза газ қорабын орнату кезінде компания тот баспайтын болаттың орнына қара металды пайдаланған. Сондай-ақ компания жоба бойынша ауыстыруы керек болса да, 16 жылдан бері тұрған қондырғыларды ауыстырмаған. Елеулі ақауы бар 12 коллектор да ауыстырылмаған. Қазандық цехында газ құбырындағы жылу оқшауланбаған және шатырды жөндеу жұмыстары аяқталмаған.

Сондай-ақ ведомство таратқан хабарлама бойынша, биылғы қыста ЖЭО-да №3 турбогенераторды іске қоспау ықтималдығы жоғары екенін, өйткені АМТ қажетті жұмыстарды атқаруға тиіс жеткізушімен келісім-шарт жасасуды кешіктірген.


"ҚР ӘҚБтК-нің 301-бабы негізінде "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына қарасты ЖЭО-2 1 миллион теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Төтенше жағдайлар туындау алғышарттарын жою үшін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 жылыту маусымы аумақтық департаменттің ерекше бақылауына алынады", – делінген департамент хабарламасында.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз