Ашық сот отырысының басталғанын 10 қарашада Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті Уәлиева мәлім етті. Атышулы іс бойынша сотталушылар – бұрын сотталған Данбай мен Сейдуалиевке Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 361-бабының 3-бөлімінің 4-тармағы– билікті асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Зауыттың бұрынғы бас директорын екі адвокат, екінші айыпталушыны бір адвокат қорғап отыр.
Отырыстың басында мемлекеттік айыптаушы – Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Нұрболат Әбілов екі айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын – ешқайда кетпеу туралы қолхат пен дұрыс жүріс-тұрыс (Данбай) және үйқамақты (Сейдуалиев) қамауға алуға өзгерту туралы өтінішхат берді. Және бұған дәлел ретінде Данбайдың сыбайлас жемқорлыққа қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болғанын да бірқатар жайттарды алға тартты. Бұған негіз ретінде Данбайдың сыбайлас жемқорлыққа қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болғаны сияқты бірқатар жайты алға тартты.
"Данбай Кентау қаласының тумасы, Атырау қаласында тұрақты тұрғылықты жері жоқ, қазіргі уақытта Алматы қаласында тұрады, жасырынып қалуы мүмкін. Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған, бірнеше рет жасап, мемлекетке аса ірі көлемде – 2 млрд 925 млн теңе залал келтірген деген айып тағылып отыр. Келтірілген залал өтелмеген. Сонымен қатар Павлодар қаласының №2 сотының 2022 жылғы 26 қазанда заңды күшіне енген үкімімен Ш.Данбай ҚР ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды".Нұрболат Әбілов
Екінші айыпталушыға қатысты да мемлекеттік айыптаушы бұлтартпау шарасын қамауда ұстауға өзгертуді сұрады.
Осыдан кейін қылмыстық апелляциялық алқаның судьялары шешімді талқылау үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Нәтижесінде Ш.Данбайға қатысты бұлтартпау шарасы қамауға алу түріне өзгертілді. Қ.Сейдуалиев үйқамақта қалады. Қылмыстық іс одан әрі жалғасады.
Атырау облысының прокуратурасы Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаевқа қандай айып тағылғанын айтты.