Сондай-ақ, "Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, түнде ауа температурасының -4 градусқа дейін төмендейді, көктайғақ болуы мүмкін.
Осыған байланысты қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қала тұрғындарына ескерту жасады.
Ең алдымен, көлік иелеріне жазғы доңғалақты қысқысына ауыстыру ұсынылады.
"Жолдың бетіне мұз қатып, тайғақ болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілерді өте мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты, бүйірлік аралықты сақтауға, қолайсыз ауа райын ескере отырып, жылдамдық режимін сақтауға, кенеттен маневр жасау немесе тежегішті шұғыл басудан аулақ болыңыз, жол белгілерінің нұсқаулығын қатаң орындауға шақырамыз". Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Жаяу жүргіншілер сонымен қатар жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс нормаларын сақтауы керек, мүмкіндігінше қырағы болуы керек, жүргізуші сізді көріп, өткізіп жібергеніне көз жеткізіп, көлік құралының тежегіш жолы дымқыл жамылғыда, әсіресе көктайғақ жағдайында айтарлықтай артып келе жатқанын есте ұстауы керек.
"Коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жұмысын жедел және сапалы жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік иелерінен мүмкіндігінше қала бойынша қозғалысты шектеуді, автомобильдерді жол жиегіне қоймауды сұраймыз". Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Көктайғаққа байланысты жұмыстарды жүргізу үшін жолдарға 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника және 1240 жол жұмысшысы шықты.