Абай облысында мемлекеттік сатып алу туралы шартты заңсыз жасағандар ұсталды

Сурет: freepik
Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі заңсыз әрекеттерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бородулиха ауданының прокуратурасы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 37 фактісін анықтады. Ауылдық округ әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 5,4 млн теңге айыппұл тағайындалды.

Осы ауданда бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты жөндеуге екі рет мемлекеттік сатып алу өткізген. Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыс үшін 9,1 млн теңге төлеген. Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасқан.

"Аудан прокуратурасы ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеп-тексеру Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне тапсырылды", - делінген Абай облысының прокуратурасының хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты