Алматы облысында танымал блогер жантүршіктірер жол апатына ұшырады

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Жамбыл ауданында болған жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар арасында танымал блогер болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, бір күн бұрын Ұзынағаш-Күрті тас жолында Мерседестің 20 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан Мерседестің екі жолаушысы, 2002 және 2003 жылы туған жастар оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен 15 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Жамбыл аудандық ауруханасына жатқызылды. Әзірше олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.

"Факті аудандық полицияға ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тіркеліп, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын объективті тексеріліп жатыр. Барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасына қатысқандардың кім екенін айтпады. Алайда әлеуметтік желілерде олардың арасында "Саяхатшы Диас" деген атпен танымал блогер әрі тиктокер бар деген ақпарат пайда болды.

2023 жылдың басында танымал қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков (Darkhan Juzz) Таиландта жол апатынан қайтыс болды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді