Талдықорған қаласы полициясының басшысы қамауға алынды: ол "қыз зорлады" деген күдікке ілінді

Сурет: gov.kz
27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полиция басқармасының басшысы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жөнінде 2023 жылғы 15 қарашада Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен күдікті К.-ға қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын екі ай мерзімге санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды". Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

2023 жылғы 13 қарашада әлеуметтік желілерде Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Жетісу облыстық полиция басқармасының бастығы Атығай Арыстанов растады.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады