Ақмола облысында үй өртеніп, үш бала қаза тапты

Сурет: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Сенбі, 25 қараша күні Ақмола облысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда үй өртеніп, үш кішкентай бала қаза болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 қарашада Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда тұрғын үй өртке оранды. Өрт кезінде үш бала қаза тапты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен екі жасар бала мен алты жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы бір бала өлі күйінде табылды.

Алты айлық сәби ғана аман қалды, деп жазды 716kz. Бала оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.

Құзырлы органдар әзірге басқа мәлімет берген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды