Өскеменде темекіден өрт шығып, 5 адам эвакуацияланды

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскеменде 26 қарашада түнгі сағат үш шамасында Гоголь көшесінде орналасқан 2 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің келген қызметкерлері жедел түрде баспалдақпен 5 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. 3 иінді сатыны орнатып, пәтер иесі өрт аймағынан құтқарылды. Өрт сөндірушілер 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді.

Ведомствоның мәліметінше, 4 бірлік техника жеке құрамның 13 адамы тартылған.

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері тұрғындарды тексеріп, уақтылы алғашқы көмек көрсетті.

ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті. ШҚО ТЖД мамандары темекі тұқылы да өртке себеп болатынын ескертті. 2,5-3 сағаттан кейін температура 410-470°C дейін көтеріліп, от тұтана бастайды.

Есіңізде болсын: өрт өздігінен пайда болмайды. Әдетте, оның себебі — адамның отпен жұмыс жасаудағы немқұрайлылығы.


Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды