Қазақстан мұнайын ауа райының қолайсыздығына байланысты экспорттау мүмкін болмай тұр

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Новороссийск теңіз портындағы дауылды жел мен күшті толқындарға байланысты Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалы арқылы экспортталатын Қазақстан мұнайын жөнелтуді тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қарашада КҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, терминал орналасқан Новороссийск теңіз портында боран салдарынан мұнайды ауыстырып тиеуге бірнеше рет шектеулер жарияланған. Консорциум бұл шектеулерді қатаң сақтайды.

Қазір Новороссийск ауданында ауа райы өте қолайсыз: желдің жылдамдығы секундына 22-24 метр, толқын биіктігі алты метрден сегіз метрге дейін жетеді. Осыған байланысты теңіз портының капитаны дауылды ескерту жариялады.

"КҚК теңіз терминалында мұнай құю тоқтатылды, танкерлер күтетін орындарына жіберілді. Компанияның резервуар парктері толған. Осыған байланысты мұнай жүк жөнелтушілерден жеңілдетілген мөлшермен қабылданады", - деп ескертті КҚК баспасөз қызметі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мұнайдың төгілуіне байланысты апаттардың алдын алу үшін ауыстырып тиеу тоқтатылды.

Бұл теңіздегі КҚК-тың Қазақстан мұнайын экспортқа жөнелтуді тоқтатуы бірінші рет емес. Мысалы, 2023 жылдың ақпанында Новороссийск порты аймағында дауыл салдарынан осындай жағдай болған.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз