Жезқазғанда 223 млн теңгеден астам бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға итермелегендер анықталды

Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысының прокуратурасы Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокурорлар Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің (ТКШ бөлімі) қызметін тексерген. Нәтижесінде Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салу фактісі анықталды.

Атап айтқанда, 2021 жылы ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғалары құрылысты жоғары бағамен қабылдаған. Бұл дегеніміз 223 млн теңгеден астам мөлшерде бюджет қаражатын негізсіз артық төлеуге әкелген.


"Аталған факт бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастап, оны тергеп-тексеру Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне тапсырылды. Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды". Ұлытау облысының прокуратурасы

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сай өзге мәлімет тергеу мүддесінде жарияланбайды. Сонымен қатар ҚР Конституциясының 77-бабына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабына сай әркім өзінің қылмыстық құқық бұзышылық жасаудағы кінәлілігі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз болып саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс