Қапшағай тас жолында жүк көлігі аударылып қалды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 29 қараша күні Алматы – Өскемен тас жолының 44 -шақырымында Volvo маркалы жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апатқа ұшыраған көліктің бейнежазбасы Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.

Алматы облысы ПД ППБ взвод командирі Бағлан Шәкіровтің мәлімдеуінше, жүк көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылған, салдарынан көлік аударылып кеткен. Абырой болғанда, жол-көлік апатынан ешбір жан зардап шекпеген.

"Бұл дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК -нің 610-бабы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта ЖКО-ның барлық мән-жайларын анықтау үшін тексеру іс-шаралары жүргізілуде", – делінген Алматы облысы полиция департаменті таратқан хабарламада.

Полицейлер көлік жүргізушілерін жолға шығарда көлікті толық тексеруге, жылдамдықты белгіленген шектен асырмауға шақырды.

Оқиға орнында Алматы облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз