Алматыда хостелде болған өрттен екі адам ауруханаға түсті

Сурет: Алматы ТДЖ баспасөз қызметі
30 қарашада таңертең хостелде болған өрт кезінде екі адам иістеніп, ауруханаға түсті. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тағы 13 адам қаза болғанын хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен 2 адам Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген.

"Науқастың бірі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілді".Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Өрт орнына 7 жедел медициналық қызмет бригадасы жұмылдырылды. Барлық зардап шеккен адамға толық көлемде қажетті медициналық, соның ішінде психологиялық көмек көрсетіледі.

Алматыда 30 қараша күні таңертең ертемен Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостел өртенді. Өрт салдарынан 13 адам қаза тапты.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді