Шығыс Қазақстан облысында ит қапқан екі бала ауруханаға түсіп, біріне ота жасалды

Сурет: балалардың туысынан
Белоусовка ауылында екі ұлды көршісінің иті қауып алған. Балалар аурухана жеткізілді, бір балаға шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның мән-жайын балалардың тәтесі айтып берді. Әйелдің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының Белоусовка ауылында көршісінің иті балаларға тап берген. Оның айтуынша, ит алдымен бір баланы, араға төрт күн салып екінші баланы қауып алған, деп жазды YK-news.

Бірінші оқиға 21 қарашада болған, бала ит қапқанын бірден айтпаған. Ол әйнекке құлап, жарақаттанғанын айтқан. Екінші баланы ит 25 қараша күні қапқан, оның жарақаты ауырлау болғандықтан, шұғыл ота жасауға тура келген.

"Бір бала нейрохирургия бөлімінде жатыр, өзін жақсы сезінеді. Екіншісі 25 қарашада көздің микрохирургиясы бөліміне бетінің, оның ішінде қабағы мен бас терісінің көптеген жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Науқасқа шұғыл ота жасалды". Шығыс Қазақстаноблыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Балалар әлі де дәрігерлердің бақылауында.

Туыстары балалар бұрын да көршінің итімен ойнайтынын, сондықтан олар еш қорықпай итті сипап, еркелеткенін айтқан.

"Бізге арыз жазғанның еш пайдасы жоқ екенін айтты: бөтен үйге балалардың өзі кірген, итті еркелетпек болған, бұл өздері кінәлі... Балалардың тыртығы өмір бақи қалады. Біз ешкімді жазалауды сұрамаймыз, тек мұндай жағдай қайталанбағанын қалаймыз", – дейді ит қапқан балалардың тәтесі.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуге негіз жоқ деп хабарлады.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты