Полиция қызметкерлеріне топ болып шабуыл жасаған үш адам жазаға тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында аудан орталығының тұрғындары полиция қызметкерлеріне топтық шабуыл жасағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы наурыз айында бір топ ер адам көпқабатты үйдің ауласында алкогольдік ішімдік ішкен. Оларды қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша кезекшілікте жүрген екі учаскелік инспектор байқап қалған. Тәртіп сақшылары ер адамдарға әкімшілік құқық бұзушылық жасап жатқаны үшін ескерту жасаған.

Бұл ескертуге тәртіп бұзушылардың үшеуі ашуланып, билік өкіліне жұдырықпен тап берген. Учаскелік полицейлердің бірі ескертуден кейін травматикалық қару қолданып, аспанға оқ атқан, тек осы шара ғана ішімдік ішкендерді тоқтатқан.


"Бұл іс бойынша 21, 28 және 39 жастағы күдіктілер қамауға алынды.Тергеу және сот алты айға созылды, сот үкімі қыркүйекте шықты. Айыпталушының үлкені 3 жыл 6 ай, қалған екеуі 3 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.
Петропавл
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: