Ақтауда құрылыс салушы үлескерлердің 400 миллион теңге қаражатын талан-таражға салды деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Ақтауда үлескерлердің ақшасын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша "Багис" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің 5 желтоқсан күні хабарлауынша, Ақтауда "Багис" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Компания басшысына салымшылардың сеніп тапсырған ақшалай қаражатын иемденді және талан-таражға салды деген айып тағылып отыр.

"Тергеу барысында ЖШС директоры 2017 жылдың наурызы мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында тұрғын үй кешенін құрылысын аяқтау сылтауымен 119 үлескердің ірі көлемде 400 млн теңгеге жуық ақшалай қаражат иемдегендігі анықталды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

ЖШС басшысы сот үкімімен қамауға алынды.Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, қосымша сот сараптамалары жүргізіледі, соның нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға беріледі.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек