Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ кеншілерден ақша бопсалаған

Сурет: видеодан скриншот
Қылмыстық топ кеншілерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді. 10 адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер жәбірленушілерге физикалық және моральдық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаған.

"Сонымен қатар қылмыстық топтың қатысушылары қару қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және осы облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Күдікті адамдарды ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді.

Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр".Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі


Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды