Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы пара алғаны үшін сотталды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 12 желтоқсан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғанын хабарлады.

Агенттік таратқан хабарламада 2023 жылғы 8 желтоқсанда Қостанай қаласының №2 соты Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім жариялағаны айтылған.

"Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.

Антикор үкім заңды күшіне енбегенін мәлім етті.

Алматы
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды