Жамбыл облысында отар қойымен қар құрсауында қалып кеткен екі шопан құтқарылды

Сурет: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
2023 жылы 12 желтоқсанда сағат 00:24 шамасында Шу ауданы, Көкқайнар ауылынан 15 шақырым жерде шаруа қожалықтардың бiрiнің екі малшысы адасып, жоғалып кеткені туралы хабар түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, аудан әкімдiгi, ТЖД қызметкерлерiнен бөлек жергілікті тұрғындар да жұмылдырылды. Қалың қар басқан жолдар “Грейдер” техникасымен аршылып, айналаны жiтi қарау шаралары ұйымдастырылды.


"Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде түнгі сағат 3.00 кезінде малшылар және қарауындағы малдары аман-есен табылды. Құтқарылған азаматтардың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді", - деді Шу ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дiнмұхамбет Қойтөриев.
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін