Оралда жасөспірім тоғызыншы қабаттағы балконнан секіріп кетті

Сурет: Zakon.kz
Оралда 11 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің балконынан секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, оқыс оқиға 9 желтоқсанда №6 ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

"9 желтоқсанда сағат 23:40 шамасында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған бала тоғызыншы қабаттың балконынан секіріп, аулада тұрған көліктің үстіне құлады. Ол дереу ауруханаға жеткізілді", делінген хабарламада.

Баланың комада жатқаны, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны да нақтыланады. 

БҚО полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігі, "Кәмелетке толмаған адамды өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша қолға алынды. Бұл баптың санкциясы сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды