Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларация жөнінде: Сыйлықтарды көрсетудің қажеті жоқ

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 14 желтоқсанда Сенат кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2025 жылы жалпыға бірдей декларацияның жақындап қалғанына орай түсініктеме беріп, жеке тұлғалар арасындағы сыйлықтарды көрсету қажет емес екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдан бастап қазақстандықтар салық органдарына мүлкі туралы декларация ұсынуы керек.

"Барлығы есеп беруі керек, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын зейнеткерлер мен студенттер де. Біздің бағалауымыз бойынша, төртінші кезеңде 6,5 миллионнан астам адам есеп бере алады. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі бойынша барлығы 13 миллион адам есеп береді. Бірақ болашақта 2026 немесе 2027 жылдары зейнеткер тек зейнетақы алып, кәсіпкерлікпен айналыспайтын болса, біз декларацияны бермеу нұсқасын қарастырамыз" Ержан Біржанов

Журналистер "Декларацияда адамдардың бір-біріне беретін сыйлықтарын көрсету керек пе?" деп сұрады.

"Бәріміз қонаққа барамыз, бір-бірімізді құттықтаймыз. Жеке адамдар арасындағы сыйлықтар көрсетілмейді", – деді Ержан Біржанов

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі