Желіде Дінмұхамед Қонаевтың жұбайымен түскен фотосы пайда болды

Сурет: Zakon.kz
Желіде Дінмұхамед Қонаев пен оның жұбайының ерекше фотосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фотоны Д.А.Қонаев музейі бөлісті.

""...Маған Зуһра Шәріпқызы ең жақын, ең қимас дос еді. Біз елу жыл, алты ай, екі күн бірге өмір сүрдік. Ол қайта айналып келмейтін, маңдайға бір-ақ рет жазылатын бақыт", - деп еске алады Дінмұхамед Қонаев жұбайын өзінің кітабында.


Қонаева Зухра Шәріпқызы 1918 жылы 31 желтоқсанда Ақмола қаласында татар көпесі, бұрынғы қалалық үкімет басшысы Ялымов Шараф Хусайынұлының отбасында дүниеге келген. 1990 жылы 20 сәуірде қайтыс болды. Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленген. Дінмұхамед Ахмедұлының өсиеті бойынша ол да жұбайының бейітінің қасына 1993 жылы жерленді.

Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі реставрациядан кейін 2022 жылдың 19 сәуірінде ашылды.

Қазақстан
Қонаев
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді