Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік алаяқтарға көмектескен Қазақстан азаматын ұстады

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен байланыс желілерін заңсыз пайдалануды ұймыдастырған күдікті Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің 19 желтоқсанда хабарлауынша, ұсталған азамат заңсыз трафик мен телефон байланысын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Тергеу болжамы бойынша, ер адам шетелдіктерге қазақстандық нөмірлерге қоңырау шалуға мүмкіндік беретін қызмет көрсеткен.

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

"Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді қазақстандыққа ауыстыратын арнайы құрылғыны және зиян келтіретін бағдарламалық қондырғыларды пайдалана отыра іске асырылған. Салдарынан күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіре отырып үстеме пайда алған, ал шетелдік алаяқтар оның қызмет көрсетуін пайдалана отырып, Қазақстанның тұрғындарын алдаған", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ведомство Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады