Жезқазғанда ЖЭО-ның үш қазандығы бірінен соң бірі істен шықты

Сурет: kazakhmys-energy.kz
Қала әкімі Қайрат Шайжанов Жезқазған Жылу энергия орталығындағы (ЖЭО) қазандықтардың апатты жағдайда жұмысын тоқтатуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ЖЭО-да 2 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желілерінде нормадан 10 градус кем температура байқалады, яғни қалыпты 73 градустың орнына 63 градус.

"Кеше кешке №4 қазандықта жарықша пайда болды. Ақау анықталғаннан кейін қазандық өшіріліп,жөндеуге кірісті. Қазандық бүгін сағат 20:00-ге дейін қайта іске қосылатын болады.Бүгін сағат 7:15-те №5 қазандықта тағы бір жарықша анықталды. Бұл жөндеу жұмыстары 20 желтоқсанда таңертең аяқталады деп күтілед". Қайрат Шайжанов

№6 қазандық бүгін сағат 10:15 – те істен шықты-түтін сорғыш қозғалтқышы істен шыққан. Аталмыш қазандық бүгін түн ортасына дейін қалыпқа келтіріледі деп күтілуде.


"Осы түнде 4 қазандық жұмыс істеп, температура қалыпқа келеді, ЖЭО таңертең 10.00-де 5-ші қазандықты іске қосуды жоспарлап отыр", - деді әкім.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз