49 миллионға алдап кетті: Атырауда QazHome қаржы пирамидасын құрған адамдарға үкім шықты

Сурет: Zakon.kz
Атырауда QazHome тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде 2023 жылғы 20 желтоқсан күні Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салуды ұсынған.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған, оның ішінде тек 35 адам ғана өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгеден асатыны анықталды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сот үкімімен QazHome тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы орайда Қаржылық мониторинг агенттігі қаражатты инвестициялау кезінде абай болуға шақырды.

Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта Baiqa, piramida! телеграм боты жұмыс істейді.   Сонымен қатар ҚМА сайтында қаржылық пирамидалардың тізімі жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды