Абай облысында мұз жарылып, өзенге түсіп кеткен бала табылды

Сурет: freepik
Мұз жарылып, өзенге түсіп кеткен баланың денесі 3 сағаттан кейін жергілікті еріктілердің көмегімен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланы табу үшін өзеннің төмен ағысы бойынша мұзды қолмен жаруға тура келді.

Бала суға түсіп кеткен жерден 75 метр қашықтықтан табылды, деп хабарлады полиция.

Полиция азаматтардан өз өміріне қауіп төндірмеуді және мұз үстіне шықпауды сұрайды.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 12:54-те Үржар ауданының учаскелік полиция инспекторы Таскескен ауылында бес жасар баланың мұз астына түсіп кеткенін хабарлады. Бала достарымен ауылдың шетінде орналасқан Қаракөл өзенінің үстінде ойнаған.

"Шошып кеткен баланың достары ересектерге көмек сұрау үшін тұра жүгірген. Куәгерлер оқиға орнынан учаскелік полиция қызметкеріне дереу қоңырау шалды, ол өз кезегінде құтқарушыларды шақырған", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді