Түркістан облысында көліктен 40 келіге жуық есірткі табылды

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері екі қап есірткі тәркіледі.

Полицейлер Батыс Қытай – Батыс Еуропа трассасының 601-шақырымында Honda Odyssey көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан екі қап есірткі табылды.

Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Тәркіленген заттың 40 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды.

Есірткіні заңсыз тасымалдау дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркелді. Ер адам қамауға алынды.


"Тергеу жүргізіліп, барлық жағдай, соның ішінде есірткі жеткізу арналары анықталып жатыр", - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз