Ұлытау облысында "Охотзоопром" қызметкерлері соққыға жығылған

Сурет: Zakon.kz
"Охотзоопром" қызметкерлеріне қатысты күш қолданғандарға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының аумағында криминалдық полиция Қызылжар кентінің төрт тұрғынын ұстады. Күдіктілер "Охотзоопром" РКМК қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсылық танытып, күшін қолданып, оқиға орынынан қашып кеткен.

Қызметшілерге қатысты күш қолданды деген күдіктілердің төртеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


"Олар жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану қаупі үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазамен қылмыстық жауапкершілік көзделген", — деп атап өтті Ұлытау облысы ПД бастығының орынбасары Сафуан Жампейсов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді