Таразда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Сурет: Алматы әкімдігі
Таразда автобус жүргізушісі көлік тұрағындағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз жол полициясының мәліметінше, 29 қаңтарда Төле би даңғылымен келе жатқан маршруттық автобус жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, көлік тұрағына кіріп кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Жамбыл облысының полиция департаментінің қызметкерлері Таразда жаяу жүргінші мен жолаушылар автобусы соқтығысуы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастады. Апат салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Ведомство қазір автобус жүргізушісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатқанын айтты. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстанда мас жүргізушінің балалар мінген мектеп автобусын айдап бара жатқаны хабарланған еді.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек