Жамбыл облысында автобустар соғысып, үлкен апат болды: төрт адам жарақаттанған

31 қаңтарда сағат 10:47-де Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылының маңында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолының 567-шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты 26 автокөлік (4 жолаушылар автобусы, 4 жүк автомашинасы және жеңіл автомобильдер) жол-көлік оқиғасына ұшырады.

Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ.

Б.Момышұлы ауылындағы орталық аудандық ауруханасына сағат 17:45-ке дейін 26 адам жеткізілді. Оның 4-і реанимацияда. Жағдайы ауыр. Ауыр жағдайдағы бір науқасты санавиация арқылы облыс орталығына жеткізу ұйымдастырылды.


"Нұрлыкент ауылының Мәдениет үйінде жылыту пункті ұйымдастырылды. Онда қазір 19 адам, оның ішінде 5 бала бар. Олар ыстық тамақпен, төсек-орынмен қамтылған. Оқиға орнында Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза, полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ТЖД бастығының орынбасары Руслан Орынбеков барды", - делінген Жамбыл облысының әкімдігінің хабарламасында.

Қазір "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" трассасының 593-тен 534 км-ге дейінгі бөлігінде жол ашық. Жолдарда қар күреліп жатыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: