Ақтөбе облысында қар басқан тас жолды бір аптадан бері тазарту қиынға соғып жатыр

Сурет: видеодан скриншот
Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе облысындағы бөлігін қар құрсауынан тазарту жалғасып жатыр. Жұмыс 4 ақпанда басталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі таңда көрші облыстардан қосымша техника жеткізіліп, Ақтөбе- Хромтау учаскесінде 28 жол техникасы жұмылдырылған. Жолшылар тәулік бойы қар тазалауда, дегенмен жұмыс жылдамдығына ауа райынан басқа да әсер ететін факторлар бар. Бұл - жолда қалған көліктер.

"Жолшылар 200-ден астам көлікті алып шыққанымен, боранның алғашқы күндерінде ірі габаритті жүк көліктерін жолда екі қатармен қалдырып кеткен жүргізушулер бар. Сол себептен арнайы техниканың қозғалысы қиындап жатыр. Әр жүк көлікті қардан шығаруға кемі 40 минуттай уақыт жұмсалып, жұмысты жылдамдату үшін бульдозерлер қолданылып жатыр". "ҚазАвтоЖол"

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директоры Айбол Данағұлдың айтуынша "Қауіпсіз қозғалыс мүмкіндігі қамтамасыз етілген сәтте, бірінші кезекте жеңіл көліктерге жол ашылады".

Барлық өзекті ақпаратпен ҚазАвтоЖолдың" әлеуметтік желідегі парақшаларынан, Sapar мобильді қосымшасында және 1403 байланыс орталығы арқылы танысуға болады.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз