383 миллион теңге тұратын сапасыз кроссовкалар: спортты дамыту дирекциясы басшысының орынбасары қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
ҚМА елордалық департаменті Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқ киім мен рюкзактар сатып алынды. Бұл ретте оның құны үш есе көтермеленген.

Сонымен қатар жеткізуші аталған тауардың отандық өнім екені жайлы жалған құжаттарды ұсынған. Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келген.


"Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының өкілдері бұған дейін берілген жабдықтардың сапасына шағымданып, оны бір реттік деп атаған. Сот санкциясымен Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды. ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жарияланбайды", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз