Шымкент прокуратурасы кәсіпкердің құқығын қорғады

Сурет: Zakon.kz
Өткен жылы Жаңа жыл қарсыңында Шымкент қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті кәсіпкерлік субъектісіне қатысты көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркалары қолданылған алкогольдік өнімді сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-бөлігімен. Кәсіпорынның балансына тіркелген қоймада спирттік өнімнен бөлек басқа да алкогольсіз және салқын сусындар мен шырындар сақталған. Тергеуші тауарларды данамен алу барысында заңдылықты өрескел бұзған, ал тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін кәсіпкердің сауда-саттық жасауын шектеп, барлық қойманы жауып, мөрлеген.

Осыған байланысты қала прокуратурасы тергеушінің бұл әрекеттерін заңсыз деп танып, қылмыстық істі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты.


"Кәсіпкерлердің құқықтары мен олардың инвестицияларын қорғау - қала прокуратурасының қадағалау қызметіндегі басым бағыттарының бірі", - делінген Шымкент қаласы прокуратурасының хабарламасында.
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін