Атырау мен Батыс Қазақстан облысында жолшылар су тасқынын болдырмау шараларын бастады

Сурет: Telegram/KazAvtoJol
Өңірлерде су тасқынының алдын алу шаралары басталды. Күн райының күрт жылуына байланысты бірнеше облыстарда қар мен мұз жылдам еріп жатыр.

"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, жолшылар "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 34-шақырымындағы айналма жолдың маңындағы еріген судың ағып кетуін қамтамасыз етті.

Су өткізетін құбырларды тазалау түнде басталған. Учаскеге шұғыл түрде қажет техника жеткізілді. Қазіргі сәтте су тасқынының қаупі жоқ.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардағы су өткізу құбырларын тазалау штатты режимде жүзеге асырылып жатыр.

"Бүгінде тасқын қаупі жоқ болғанымен, жол-пайдалану учаскелерінде арнайы кезекшілік ұйымдастырылды", - деп қосты ведомство.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады