Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Осылайша, ағымдағы жылдың 23 қаңтарында көрсетілетін қызметті алушы азаматша К. алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру мемлекеттiк көрсетілетін қызметі бойынша өтініші түсіп, берілген лицензия талапқа сәйкес еместігі, яғни, лицензияда қызметін жүзеге асырушы объектінің мекенжайы толық жазылмағандығын баяндаған.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.

Осы орайда, Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен қабылданған шаралар негізінде көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді, яғни, қате берілген лицензияға өзгерістер енгізіліп, қайта ресімделді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тибетте қатты жер сілкінісі болды