Алматының барахолкасындағы өрт оқшауланды

Сурет: Zakon.kz
17 ақпанда сағат 12:28-де өрт сөндірушілер Алматыдағы барахолка қоймасындағы өртті оқшаулап үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нысаннан шыққан қою түтінге байланысты өрт аумағын анықтау әлі мүмкін болмады.

Осы уақытта өрттен шыққан түтін қалаға таралып, қаланың әр жерінен қара тұмша көрінеді.

Өрт сөндірушілер мұқият жұмыс істейді. Себебі қоймада жарылғыш заттар бар: газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, бояу және лак өнімдері.

Өртті сөндіруге ТЖД 104 адамы мен 29 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, 17 ақпан күні сағат 10:40-та өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Көкмайса-27 шағынауданындағы жоғары жеңгейдегі хабарламаға аттанған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді