Алматыда көктайғақ салдарынан бірнеше апат болды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 23 ақпанда кешке қар жауып, кейбір жолдарда көктайғақ пайда болды. Соның салдарынан оңтүстік астанада бірнеше жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Алматыда түнде алты жол-көлік оқиғасы, таңертең Шығыс айналма жолында екі оқиға болған.

"Нұрмағамбетов көшесінің қиылысында екі көлік соқтығысып, аударылып қалды. Салдарынан бір адам медициналық көмекке жүгінді. Сәл әрі қарай Орынбор көшесінің қиылысында алты көлік соқтығысты, ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады Алматы жол полициясы қызметі.

Ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ жолдардың кейбір учаскелерінде жартылай көктайғақ пайда болуына байланысты Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды "қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға" шақырды.

Бұған дейін коммуналдық қызметкерлер көктайғаққа байланысты Алматы тұрғындары мен қонақтарына өтініш білдірген еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды