Алматы облысында жеңіл көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
9 наурызда сағат 9:20-да Алматы облысында, Қарасай ауданында Қайнар және Бекболат елдімекендері аралығында жеңіл көлік бар жылдамдығымен ағашқа соғылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар көлік ішінде қысылып қалған жолаушының денесін алып шықты.

"Гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жолаушының денесін авариялық автомобильдің салонынан алып шықты. Сағат 10:23-те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды. ТЖМ құтқарушылары қауіпсіз жылдамдық режимін сақтау қажеттігін еске салады. Сақ болыңыз, өміріңізді сақтаңыз", делінген хабарламада.


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз