Алматыда қалалық автобус егде жастағы әйелді қағып, мерт қылды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда № 58 автобус 77 жастағы қарияны қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Досмұхамедов пен Шәріпов көшелерінің қиылысында болды.

Қалаішілік автобус Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Жүргізуші арнайы белгісі жоқ, күтпеген жерден жолға бір әйелдің жүгіріп шыққанын айтады.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізуші қанша қашуға тырысқанымен де әйел адамды қағып кеткен. Автобус жаяу жүргіншілерге арналған тротуарға шығып кете жаздап, жасыл шөпті басқан.

Салдарынан автобустың астына түскен егде әйел алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Алматының құтқару қызметі келді. Қазір криминалистер оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үстінде. 

Сурет: Zakon.kz

Полиция жан тапсырған адамның 1947 жылғы әйел екенін нақтылады.

Айта кетсек, 2024 жылдың 4 наурызында қалалық автобус Алматыдағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйел мен баланы қағып кеткен болатын. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды