"Ең құрыған жол". Батпаққа батқан көлік жүргізушілері желі арқылы көмек сұрауда

Сурет: pxhere
Жезқазған мен Қызылорда арасындағы күре жолда көліктер батпаққа батып, қиындыққа тап келген. Оларды құтқару үшін кезекшілік құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Діттеген жеріне жете алмағандар жанайқайын әлеуметтік желіде жариялап жатыр. Жезқазған мен Қызылорда арасындағы 412 шақырым жол жүргізушілер үшін алынбас асуға айналған. Әсіресе асфальт төселмеген, топырағы батпаққа айналған 100 шақырымдық бөлігінде жүру мүмкін емес. Бұл жолмен тәулігіне екі мыңға жуық көлік жүреді. Жолаушылар вахталық жұмыс пен басқа да шаруаларына кешігіп жатқанын айтады. Олар бұл жолды елдегі "ең құрыған жол" атап алған. Айтатындай-ақ, аталған жол осыдан 49 жыл бұрын салынып, содан бері жөндеу көрмеген, деп хабарлайды КТК.

"Жолдың бетін тегістеу жұмысы күні-түні жүріп жатыр. Батып қалған 75 көлікті шығардық. Қызылордаға қарасты бөлігіндегі бес учаскеде жөндеу жүріп жатыр. Бұл жұмыстар Ұлытау облысында да екінші жарты жылдықта басталады"."ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ эксплуатация департаменті маманы Дінмұхамед Еркін

Айта кетсек, 12 наурызда еліміздің екі өңірінде екі жол жабылды.

Қарағанды
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды