Алматыда Mitsubishi Lancer ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
17 наурызда Алматыдағы ірі сауда-ойын-сауық орталығына қарама-қарсы жолда апат болды. Оқиға орнына полицейлер мен "жедел жәрдем" көлігі шұғыл келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mitsubishi Lancer жеңіл көлігі Сейфуллин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Мақатаев көшесіне жетпей, неге екені белгісіз жолдан шығып бар жылдамдығымен ағашқа соғылды.

Сурет: Zakon.kz

Күшті соққы салдарынан көліктің корпусына айтарлықтай зақым келген.  Алдыңғы әйнекке басымен қойып кетіп, сындырған жолаушы әйел дәрігерлер бригадасы келіп жеткенге дейін оқиға орнына жан тапсырды.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының экипажы Mitsubishi Lancer көлігінің жолаушылар орындығында болдым деген ер адамды ұстады.

Сурет: Zakon.kz

Алайда, фактілер, керісінше болып шықты. Ер адам ұсталып, есірткі қолданды деген күдікпен медициналық тексеруге жолданды. 


Полицияға мән-жайларды анықтау үшін сауда-ойын-сауық орталығының күзетшісі көмекке келді. Ол жолаушылар орындығы жағынан ер адамның жәбірленушіні сүйреп сыртқа алып шыққанын көргенін айтты.  Бұл марқұмның рөлде емес, жолаушылар орындығында болғанын көрсетеді.

Сурет: Zakon.kz


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды