Қарағандыда көпқабатты үйдегі пәтер отқа оранып, бір адам қаза тапты

Сурет: pixabay
24 наурызда Қарағандыда көппәтерлі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өрт шығып, бес адам құтқарылды. Оқиға орнынан бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 наурызда сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне бес қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.


"Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады. Жергілікті жерде отты жоюға жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды. Өрттің алдын-ала нұсқасы - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды".

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады