Оралда әкімдік ғимаратын су басты

Сурет: pixabay
Орал қаласында 26 наурызда таңертеңнен бастап нөсер жаңбыр құйып тұр. Қолайсыз ауа райы салдарынан бүкіл қала шалшық суға толды. Қалалық әкімдіктің ғимаратын су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді, жауын-шашын тағы екі күнге созылатын көрінеді. 

Сурет: Telegram/mgorod_kz

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, бірақ бәріне үлгеру мүмкін болмауда.

Сурет: Telegram/mgorod_kz

"Мой город" өңірлік басылымы еріген қар суы және жаңбыр қала әкімдіктің ғимаратына кіріп кеткенін жазады. 

"Табиға апаттан ең төменгі қабат - жертөледе орналасқан жер қатынастары бөлімі зардап шеккен. Қазір мұндағы су сорылып жатыр", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қала тұрғындары да көмекке жүгінуде. Бірнеше күн ішінде 249 мекен-жай бойынша 600-ге жуық шақырту келіп түсіпті. Олар ауласына келіп алған қызыл су үйге кіріп кетеді ме деп қорқады.

Сурет: Telegram/mgorod_kz


Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды