Еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқынына қатысты жағдай күрделене түсуде

Ауа температурасының күрт жылынып, қардың жылдам еруіне байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсті. Бүгінгі таңда ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында орын алып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтар жұмыс істеуде. Жедел желі телефоны да іске қосылды:

11 өңірде әкімдіктер мен ТЖД өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Су айдындары мен су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Еріген қар суымен күресу үшін Ақтөбе және Қостанай облыстарына Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен 52859, 20982 әскери бөлімдерінен 220-ға жуық жеке құрам мен 25-тен астам техникадан қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1,5 мыңға жуық адам, 500-ден астам техника, 200-ге жуық бірлік су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ мен әкімдіктердің жұмылдырылған күштері мен құралдары 320 мыңнан астам текше метр су сорылды, интерентті материалдар салынған 7 мыңнан астам қап төселді. Ең қауіпті учаскелерде нығайту жұмыстары жүргізілуде. 

Ақтөбе облысындағы Шұбарқұдық ауылында су басқан 5 жеке тұрғын үйден, 34 аула аумағынан суды сорып шығару жұмыстары жалғасуда.

"Жалпы облыс бойынша су басқан үйлер мен аула аумақтарынан 51 мыңнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, инертті материалдар салынған 7,9  мыңнан астам қап төселді. 543 текше метр қар шығарылды".  ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысының Қостанай, Арқалық қалаларында, Амангелді және Жангелді аудандарында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.

"Арқалық қаласында 20 аула аумағы, оның ішінде 12 жеке тұрғын үй су астында қалды. Үздіксіз жүргізілген су сору жұмыстарының нәтижесінде Арқалық қаласының тұрғын үйлерінен су толығымен шығарылды. Барлығы 6848 текше метр су сорылды. Елдімекендерді су басу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ведомство су тасқынына қарсы іс-шаралар әлі жүргізіліп жатқанын нақтылайды.

Айта кетсек, бүгін, 26 наурызда Оралда әкімдік ғимаратын су басты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: