Құлсарыны су басты. Мыңдаған адам эвакуацияланып жатыр

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2024 жылдың 4 сәуірінен бастап Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласы су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 сәуірде Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты "Ембі-Ақкиізтоғай" гидропосты су астында қалды, қазір оған жақындау мүмкін емес. Гидропостты су алу кезінде су деңгейі 350 см - ең жоғары шекке жете бастаған, яғни 340 см құрады, ал сағат 09:30-дан бастап Құлсары қаласын да су ала бастады.

"5 сәуір сағат 17:00-дегі жағдай бойынша су тасқыны салдарынан 500-ге жуық нысан мен инфрақұрылымдық ғимараттар су астында қалды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар, орталық стадион, Құлсары әкімдігі және сауда нүктелерін су басты", – деп хабарлады Атырау облысының әкімдігі.

Бұл ауданда 4 сәуірден бастап эвакуациялық жұмыстарды жүргізу қажеттілігі хабарланып, дабыл жүйелері  іске қосылды. Осылайша жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.

Аудан халқының жалпы саны - 86 939 адам, оның ішінде 7 400 қарт, 2465 мүгедек адам, 37 069 бала, 1004 жүкті әйел бар. Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 2400-ден астам адам оқиға орнынан эвакуацияланды. Эвакуация жұмыстары жалғасуда.


Жылыой ауданындағы Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Құрсай каналы арнасынан асып кетті. Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр:

Қазір ауданда жағалауды нығайту жұмыстары жүріп жатыр, 45 452 дана қапшық дайындалып, 174 000 тонна инертті материал төселді. 

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты