Құлсарыны су басты: 2 мыңнан астам адам жолаушылар пойызымен Атырауға эвакуацияланды

Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ-ның ресми өкілі Динара Нұрғалиева 5 сәуірде Құлсарыдан Атырау қаласына тұрғындарды эвакуациялау жүргізіліп жатқанын, ол үшін жолаушылар пойызы тартылғаны, осы уақытқа дейін 2 мыңнан астам жергілікті тұрғын эвакуацияланғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Құлсары қаласында 600-ден астам жеке нысан су астында қалды.

"Елдімекенде авариялық-құтқару жұмыстарына 745 адам және 280 техника жұмылдырылды. 4 мыңнан астам еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылды. Атырау қаласынан Құлсарға қосымша күштер мен құралдар жіберілді", - деді ТЖМ-ның ресми өкілі.

Ол Жем өзенінің су өткізу қабілетін арттыру үшін жару жұмыстары жүргізіліп жатқанын да нақтылады.


"Жағалауды нығайту үшін инертті материалдар салынған қаптар қойылуда", - деді ол.


Аудан әкімдігі нақтылап өткендей, 5 сәуірде "ҚТЖ" ҰК АҚ-тың Құлсары-Атырау бағытындағы бес вагондық пойызы тегін қатынап жатыр. 

"Алдағы уақытта су кері қайтпаса, тегін пойыз қатынасы тағы созылуы мүмкін" делінген хабарламада.

Сондай-ақ Құлсарыға арнайы техникалар келіп жатыр. Қаланың тең жартысын су басқанына қарамастан, су жетпеген аумақтарды сақтап қалу мақсатында жұмыстар күшейтілуде. Қазіргі уақытта Құлсары қаласына арнайы дизельді генератор, экскаватор, арнайы ауыр техникалар келіп жетті.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз