ҚР ТЖМ Ресейдегі дамбаның жарылуына байланысты мәлімдеме жасады

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 6 сәуірде Ресейдің Орск қаласында Урал (Жайық) өзеніндегі дамбаның жарылуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство көрші елдегі аталған төтенше жағдайға байланысты Қазақстанға су келіп жатпағанын нақтылайды.

"РФ ТЖМ ДЖБО-ның жедел кезекшісінің мәліметінше, Орынбор облысындағы Орск қаласы маңында Урал өзенінің қорғаныс бекінісі ішінара бүлінген. Жарық су деңгейінің 870 см белгісінде пайда болған: ені - 2 метр, биіктігі - 1 метр. Қауіп тек Орск қаласына жақын елдімекендерге төніп тұр, Қазақстанға су келіп жатқан жоқ. Орынбор облысының шығысында Қостанай облысына жақын орналасқан, ескі қалада бұзылған бөгет қазіргі уақытта БҚО үшін қауіп төндірмейді. Жағдай бақылауда", - деді ҚР ТЖМ.

Қазір қос елдің құзырлы ведомствосы тәулік бойы жедел ақпарат алмасуда екені де жеткізілді.


"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов Ресейдегі әріптесі, Төтенше жағдайлар министрі Александр Куренковпен тікелей байланыста. Екі ведомствоның басшылары су тасқыны жағдайы мен әрекет ету шаралары туралы өзекті ақпаратпен шұғыл түрде алмасуда", делінген ресми хабарлама.

Айта кетсек, Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласында 5 сәуірде Жайық (Урал) өзенінде бөгет бұзылып, бірқатар аудан тұрғындары эвакуацияланып жатқаны хабарланған болатын.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді