Атырау облысы әкімінің орынбасары: Қазіргі таңда Құлсарыдан 12 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Сурет: видеодан алынды
6 сәуірде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев Жылыой ауданындағы ахуалға байланысты соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Құлсары қаласы бойынша 12 мыңға жуық адам эвакуацияланды, оның 5 мыңы - балалар.

"Олар Теңіз кенішіндегі вахталық қалашыққа, Атырау қаласына және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына орналастырылды. Бүгінгі таңда Құлсарыдағы төтенше жағдай  бойынша Жем өзенінің арналарындағы су деңгейін төмендету және қала іші арқылы өтетін Құрсай каналын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Қайрат Нұртаев.

Сондай-ақ ол Құлсарыдағы су тасқыны салдарынан зардап шекккен тұрғындарға Үкіметтің әрі жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті көмек берілетінін еске сала кетті. 

Айта кетсек, қызыл су басқан Құлсары қаласынан адамдар жолаушылар пойызымен эвакуациялануда. Оларды Атыраудың теміржол вокзалынан көмек беруге ерік танытқан жергілікті тұрғындар күтіп алып, қажетті жеріне тегін тасымалдауда

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді